(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 6 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 981 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
6 қыркүйектегі N 981 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 10 наурыздағы N 300 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Агенттiк төрағасына төрт орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. Агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру берiлетiн штат санының шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн ұстауға арналып республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. N 314 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 23-жолмен толықтырылсын:
"23. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 250";
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:
"18. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 5582".
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Агенттiк осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Редакция документа
Демо – версия документа