(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 07.08.02 Ж. № 883 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес
мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 7 тамыздағы N 883 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. N 87 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссияларды құрсын.
4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 7 тамыздағы
N 883 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады және Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында құрылды.
Редакция документа
Демо – версия документа