(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.05.02 Ж. № 600 ҚАУЛЫСЫ
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң
2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
30 мамырдағы N 600 қаулысы
Осы редакция ҚР 28.10.02 ж. N 1147 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 201 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының басшылары Жоспарда анықталған iс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы туралы ақпаратты жыл сайын маусымның 30-ына және желтоқсанның 30-ына Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы N 600
қаулысымен Бекітілген
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің
2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
Р/с N | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру | ||||
1 | Жұмысты үйлестiрудi және қо- сарланушылықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қылмыстарға қарсы күрестi реттейтiн ве- домстволық нормативтiк кесiм- дерге тексеру жүргiзу | Үкіметке ақпарат беру | ҚПА, ІІМ, МКМ, БП (келісім бойынша) | 2002 жылғы 2-тоқсан |
Редакция документа
Демо – версия документа