(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.05.02 Ж. № 581 ҚАУЛЫСЫ
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны
құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 мамырдағы N 581 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 қарашадағы N 1209 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағанбетов |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 28 мамырдағы
N 581 қаулысына 1-қосымша
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға
Есенбаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Мәжит Төлеубекұлы және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
Мүсенова - Қазақстан Республикасының Экономика
Галина Ақайқызы және сауда министрлігі Аймақтық,
әлеуметтік саясат және бағдарламалар
департаментінің директоры, хатшы
Комиссия мүшелері:
Жақыпов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Демо – версия документа