Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМ. 18.01.02 Ж. № 26 ҚАУЛЫСЫ

Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау

ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Басқармасының 2002 ж. 18 қаңтардағы N 26 қаулысы



Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 30 маусымдағы N 195 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзудi реттейтiн заңдарды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысының;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 130 қаулысымен бекiтiлген Валюта құндылықтарын лицензиялауға байланысты қызметтi лицензиялау ережесiнiң күшi жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку