Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 18 қаңтардағы № 26 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.03 ж. № 195 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 18 қаңтардағы № 26 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.03 ж. № 195 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.03 ж. № 257 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзудi реттейтiн заңдарды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 130 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1997 жылғы 24 сәуірдегі № 130 қаулысымен бекітілген Валюта құндылықтарын лицензиялауға байланысты қызметтi лицензиялау ережесінiң күшi жойылды деп танылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа