(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 ЖЫЛҒЫ 10 ҚАҢТАРДАҒЫ № 23 ҚАУЛЫСЫ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті
лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 21.10.03 ж. N 1067 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41 515-құжат) мыныдай өзгеріс енгізілсін:
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
Реттік нөмірі 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттігі" деген сөздер "Құрылыс істері жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа