Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.01.02 Ж. № 38 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс"

республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк

кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы N 38 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазагрэкс" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн;

2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесе отырып, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң

2002 жылғы 11 қаңтардағы

N 38 қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң

"Қазагрэкс" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қайта

ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының

тiзбесi

1. "Ақтөбе аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Ақтөбе қаласы.

2. "Шығыс Қазақстан аграрлық сараптамасы" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны, Өскемен қаласы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку