(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ҚАЗАНДАҒЫ № 1369 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.04.02 ж. N 470; 11.06.04 ж. N 641 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаржы нарығын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шiлдедегi N 654 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 қазандағы N 1369 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 21-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
Демо – версия документа