(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
"Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж.
15 мамырдағы N 643 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Салық полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қаржы полициясы академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) болып қайта аталсын.
2. Академияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырушы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі болып белгіленсін.
3. Академияның негізгі міндеттері:
қаржы полициясы мен кеден қызметі органдары үшін жоғары білімді мамандар даярлау;
қаржы полициясы мен кеден қызметі органдарының басшы кадрлары мен қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
экономикалық қылмысқа қарсы күрестің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Академияның нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру құқығымен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ресімдесін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Академияны әділет органдарында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа