(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесiн бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 859 бұйрығы
Осы редакция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың ықпалы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап енгiзiледi.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бiрiншi орынбасары А.Т. Айдархановқа жүктелсiн.
Төраға
Келісілген:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі Денсаулық сақтау ісі
2000 жылғы "__"_______ жөніндегі агенттігінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 859 бұйрығымен бекітілген
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2000 жылғы "__"_______
Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Еңбекке жарамсыздық жалпы сырқаттануға байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтатуға, карантинге, туберкулезбен немесе кәсiби аурумен сырқаттануға байланысты басқа жұмысқа уақытша ауысу кезiнде) және заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады.
2. Еңбекке жарамсыздық парағы - еңбекке жарамсыздық фактiсiн куәландыратын құжат, жұмыстан босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүктiлiгi мен босануы бойынша, әлеуметтiк жәрдем ақы, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдем ақы алу үшiн негiз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа