Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының № 1372/1 тіркелген «Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 513 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
төрағасының № 1372/1 тіркелген "Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағын
беру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығына
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 513 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 556 Бұйрығымен күші жойылды
Келісілген | Келісілген |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасының |
Еңбек және халықты | Қаржы министрі |
әлеуметтік қорғау министрі |
| 2004 жылғы 6 шілде |
2004 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия отырысының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 хаттамалық шешімін іске асыру және азаматтардың жеке өмірінің құпияларын қорғауға арналған конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының "Азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде 2001 жылғы 23 қаңтарда № 1372/1 тіркелген) 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Еңбекке жарамсыздық парақтары қатаң есептілік құжаттары болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
52-тармақтың екінші абзацындағы ", және ауруларының диагнозы; карантин бойынша - карантин туғызған аурудың атаулары" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті(Нерсесов А.В.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа