(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 24 ҚАЗАНДАҒЫ № 1587 ҚАУЛЫСЫ
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң
тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 24 қазандағы N 1587 қаулысы
(2003 ж. 21 наурызға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 20 мамырдағы N 467 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. N 286 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
Редакция документа
Демо – версия документа