«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы (күші жойылды)
«Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы
(ҚР Президентінің 10.02.03 ж. № 1021 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 894 Жарлығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделері үшін ерекше мәні бар ұйымдар мен объектілердің қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтындарға қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін жатқызсын;
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы ҚР Үкіметінің 2000 ж. 24 қазандағы № 1587 қаулысын қараңыз
2) тізбеге өзгерістер енгізуді тек Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен ғана жүргізсін;
3) қызметін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету республиканың ұлттық мүдделері үшін стратегиялық маңызға ие, мемлекет меншігінде белгілі бір кезеңге сақталатын өзге де мемлекеттік ұйымдардың, объектілердің және акционерлік қоғамдар акциялары мемлекеттік пакеттерінің, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердегі мемлекеттік үлестердің қосымша тізбесін айқындасын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2261 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығына
қосымша
Жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына
жатпайтын объектілердің тізбесі
ҚР Президентінің 10.02.03 ж. № 1021 Жарлығымен тізбе өзгертілді
Документ утратил силу
Демо – версия документа