Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 11.08.99 Ж. № 1143 ҚАУЛЫСЫ

Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

11 тамыздағы N 1143 Қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 31 қазандағы N 1155 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"Қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімдерді экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне қажетті құжаттарды дайындаудың және рұқсат берудің тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 6, 40-құжат):

осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде, 18-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаттарын беру туралы қаулылардың жобаларын дайындау мәселелері Үкімет бекітетін тиісті ережелермен айқындалады.";

2)

Ескерту: 2-тармақтың 2) тармақшасы ҚР 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450 қаулысымен өзгерді

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку