(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 31.01.00 Ж. № 15 ҚАУЛЫСЫ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн
ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiн бекiту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 ж. 31 қаңтардағы N 15 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.04.01 ж. N 107; 26.11.02 ж.
N 470 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру заңдарын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру және келiсiм беруден бас тарту ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қарастырсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң облыстық филиалдарына және мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г.А. Марченко |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 31 қаңтардағы
N 15 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм беру
және келiсiм беруден бас тарту ережесi
Демо – версия документа