Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Сот приставтарының нысандық киімі мен ерекшелік белгілері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16

қарашадағы N 1726 Қаулысы



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 желтоқсандағы N 1283 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



"Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

Қазақстан Республикасы сот приставтарының нысандық киімінің, ерекшелік белгілерінің сипаттамасы мен үлгілері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот приставтары үшін нысандық киім мен ерекшелік белгілерін дайындауға тапсырыстар беруді ұйымдастырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысымен

бекітілген



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 22 желтоқсандағы N 1283 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



Қазақстан Республикасының сот приставтары нысандық

киімінің, ерекшелік белгілерінің

сипаттамасы мен үлгілері

Сот приставының нысандық киімі

1. Күнделікті киетін костюм

Сот приставының күнделікті нысаны күртеден, шалбардан, ұзын жеңді жейдеден, галстуктен және бас киімнен тұрады (1-қосымша).

Ерлердің астарлы бас киімі бекітілген үлгідегі фасондық қалып бойынша қара-көк түсті матамен тысталған кепкі үлгісіндегі фетрлік қалпақтан жасалады. Төбелігінің алдында эмблема тігілген, төбеліктің томпақ бөлігінің жиектері алтынмен оқаланған. Күнқағары лакталған, қатқыл.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку