Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.09.99 Ж. № 1305 ҚАУЛЫСЫ

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ережені

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999

жылғы 3 қыркүйек N 1305

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1305

қаулысымен бекiтiлген

Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестациялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Мемлекеттiк аттестациялау (бұдан әрi - аттестациялау), меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызмет көрсетулерiнiң бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң жалпы мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм болып табылады.

3. Бiлiм беру ұйымдарын аттестациялаудың негiзгi принциптерi объективтiлiк, мiндеттілiк, мерзiмдiлiк және жариялылық болып табылады.

4. Аттестациялау бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi

5. Қазақстан Республикасының бiлiм саласындағы орталық атқарушы органдары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім беру басқармалары (департаменттерi) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына аттестациялауды жүргізуді ұйымдастырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку