(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 25.12.98 Ж. № 1335 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың
әкімші-мекемелерінің мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 ж. 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.03.99 ж. N 202; 15.05.99 ж. N 577; 25.05.99 ж. N 636;
23.06.99 ж. N 834; 19.07.99 ж. N 1002; 10.09.99 ж. N 1364; 21.09.99 ж. N
1427; 23.11.99 ж. N 1775; 30.12.03 ж. N 1354
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңдарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі;
2) республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі бекітілсін.
2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағының 2 тармақшасында көрсетілген мекемелерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта тіркеуді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде мемлекеттік мекеме туралы үлгілік ереженің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесін бекіту;
Демо – версия документа