(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 25 МАМЫРДАҒЫ № 477 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы
Мемлекеттiк сыйлықтары туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.04.00 ж. N 593; 11.03.01 ж. N 338;
17.07.01 ж. N 966;16.08.01 ж. N 1069 03.04.02 ж. N 397
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 28 ақпандағы N 215 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Мыналардың:
"Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлығы туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 577-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 77 қазандағы N 834 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1412 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 429-құжат);
Демо – версия документа