(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 22 қарашадағы N 48-1 Заңы
(ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 16.07.99 ж. N 437-1; 29.11.99
ж. N 488-1; 05.05.00 ж. N 48-II; 09.08.02 ж. N 346-II;
02.07.03 ж. N 454-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 29.12.03 ж. N 511-1 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті (5 - 8 баптар)
өзін-өзі басқару органдарының өрт қауіпсіздігі
саласындағы өкілеттігі
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке (9 - 13 баптар)
қарсы қызмет органдары
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету (14 - 23 баптар)
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы (24 - 25 баптар)
құқықтар мен міндеттер
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды (26 - 28 баптар)
бұзғаны үшін жауапкершілік
7-тарау. Қорытынды ережелер (29 - 31 баптар)
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заң мемлекеттiк органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, меншiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өрттен қорғалу жай-күйi;
өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану;
мемлекеттiк өрт қадағалауы - өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыратын мемлекеттiк қадағалау қызметiнiң арнаулы түрi;
Демо – версия документа