(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 15.07.96 Ж. № 28-I ЗАҢЫ
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды
әкiмшiлiк қадағалау туралы Қазақстан Республикасының
1996 ж. 15 шiлдедегi N 28-I Заңы
Осы редакция ҚР 30.10.02 ж. N 350-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
II тарау Әкiмшiлiк қадағалау орнату, оны жүзеге (4 - 15 баптар)
асыру және тоқтату тәртiбi
III тарау Әкiмшiлiк қадағалауда жүрген адамдардың (16 - 18 баптар)
мiндеттерi мен құқықтары және қадағалау
ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
IV тарау Заңдылықты қадағалау (19 - 20 баптар)
Осы Заң бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұнын айқындайды және оны қолдану кезiндегi заңдылықтың құқықтық кепiлдiктерiнiң жүйесiн баянды етедi.
I тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Әкiмшiлiк қадағалаудың мазмұны, ұғымы және мақсаттары
Әкiмшiлiк қадағалау кәнiгi қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.
2-бап. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк қадағалау орнатылатын адамдар
Әкiмшiлiк қадағалау:
а) соттар аса қауiптi қылмыскерлер деп таныған;
б) егер жазаны өтеу кезiнде олардың мiнез-құлқы түзелу жолына мүлдем түскiсi келмейтiнiн және қоғам үшiн қауiптi күйiнде қалып отырғанын дәлелдесе, ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға екi немесе одан да көп мәрте сотталған;
Демо – версия документа