(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 05.12.95 Ж. № 2671 ЗАҢ КҮШІ БАР...
Республикалық ұлан туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 ж. 5 желтоқсандағы N 2671
Заң күшi бар Жарлығы
(ҚР 19.06.97 ж. N 134-1; 30.06.97 ж. N 140-1; 26.06.98 ж. N 234-1;
22.12.98 ж. N 327-1; 10.10.01 ж. N 247-II; 10.07.02 ж. N 338-II
заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 8 қаңтардағы N 516-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
I тарау. Жалпы ережелер. (1 -4 баптар)
II тарау. Республикалық ұланның құрылымы, (5 -9 баптар)
саны және онда қызмет атқару
III тарау. Республикалық ұланның мiндеттерi (10-11 баптар)
мен құқықтары
IV тарау. Республикалық ұланның Қолбасшылығы (12-13 баптар)
V тарау. Республикалық ұланның мәжбүр ету (14-16 баптар)
шараларын, арнайы құралдар, күш пен
қару қолдануы. Жауынгерлiк техниканы
пайдалану.
VI тарау. Республикалық ұланның әскери (17-18-1 баптар)
қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
және оларды әлеуметтiк қорғау
VII тарау. Республикалық ұланды (19 бап)
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
VIII тарау. Республикалық ұланның қызметiн (20-22 баптар)
бақылау мен қадағалау
IХ тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (23-24 баптар)
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Республикалық ұланның мұратын, мәртебесiн, қызметiнiң принциптерiн, құрылымын, мiндеттерi мен құқықтарын белгiлеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын.
I тарау. Жалпы ережелер.
1-бап. Республикалық ұлан
1. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрамына кiрмейтiн, дәстүрлiк рәсiмдердiң орындалуына қатысуға, Мемлекет басшысы мен өзге де күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, аса маңызды мемлекеттiк объектiлердi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн үйлердi, ғимараттар мен қызмет жайларын күзетуге арналған арнайы әскери құрама болып табылады.
Демо – версия документа