Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІ ТУРАЛЫ ҚР 18.12.95 Ж. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының

1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық Заңы

(ҚР 24.02.97 ж. N 69-1; 06.05.99 ж. N 379

Заңдарымымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 жылғы 24 қарашадағы N 604-II Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

I Тарау. Жалпы ережелер (1-8 баптар)
II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, (9-11 баптар)
есептілігі және жауапкершілігі
III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік (12-17 баптар)
органдармен қарым-қатынасы
IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру (18-27 баптар)

ҚР 06.05.99 ж. N 379-1 Конституциялық Заңымен тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

I Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

ҚР 06.05.99 ж. N 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi

Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

ҚР 06.05.99 ж. N 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда

3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы,

құрылымы және құрамы

1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку