Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы (2012.07.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 Қаулысы

(2012.07.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды

 

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң

2004 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1413 қаулысымен

бекітілген

 

 

Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу

ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Зоологиялық коллекцияларға жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде хайуанаттар парктері, зообақтар, цирктер, зоологиялық питомниктер, аквариумдер, океанариумдер жабайы жануарларының ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы жатады.

3. ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2. Зоологиялық коллекциялар жинау тәртібі

4. Зоологиялық коллекциялар жинау жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау, оларды жинау, сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен алу арқылы жүргiзiледi. Зоологиялық коллекциялар жинау үшiн арнайы рұқсат алу талап етiлмейдi.

5. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекциялар жинау мен оларды толықтыруы үшiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн аулауға және жинауға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.

6. Қазақстан Республикасының аумағында (акваторийiнде), континенттiк шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлгендерден басқа, жануарлар дүниесi объектiлерiн Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының зоологиялық коллекцилар жинау мен оларды толықтыру үшiн аулауы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тиiстi уәкiлеттi органдар) берген рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттік

есепке алуды ұйымдастыру тәртібі

8. Зоологиялық коллекцияларды мемлекеттік есепке алу оларды тиiстi уәкiлеттi органның зоологиялық коллекциялардың тiзiлiмiне енгізуi жолымен жүзеге асырылады (1-қосымша).

ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Зоологиялық коллекцияның иесі оны мемлекеттік есепке қою мақсатында қызметтерді жүзеге асыру басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні ішінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті уәкілетті органды хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Тиісті уәкілетті орган зоологиялық коллекция иесінің хабарламасына сәйкес оны тізілімге енгізеді.

11. Тиiстi уәкiлеттi орган зоологиялық коллекция иесiнiң оның жай-күйі және коллекциялық экспонаттардың айналымы туралы есептi жылдан кейінгі 20 наурыздан кешiктiрмей беретiн жыл сайынғы есебiнiң негiзiнде тiзiлiмге енгізілген зоологиялық коллекциялар экспонаттары айналымының есебiн жүргiзедi.

12. Тiзiлiмге енгiзiлген зоологиялық коллекциялардың иелерi зоологиялық коллекцияларды жұртшылық алдында көрсете, зоологиялық коллекцияны толықтыра, зоологиялық коллекциялардың экспонаттарын әкете және әкеле алады, бұл ретте жануарларға көзқарастың мейiрiмдiлiк және этикалық нормаларын сақтауы, ерекше ғылыми, мәдени және эстетикалық құндылығы бар зоологиялық экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет.

ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Зоологиялық коллекцияларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Кедендік одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

14. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшаларына енгізiлген жануарлар түрлерiнiң зоологиялық коллекциялары мен олардың жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары әкету және оның аумағына әкелу үшiн осы Конвенция бойынша міндеттемелердi орындайтын әкiмшiлiк органның рұқсаты негiздеме болып табылады.

15. Мәдени-тарихи құндылықтарға жатқызылған коллекциялардың экспонаттары болып табылатын жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн әкелу және әкету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1413 қаулысымен бекітілген

Зоологиялық коллекциялар жинау және

оларды мемлекеттік есепке алу ережесіне

1-қосымша

Мемлекеттік есепке алынған зоологиялық

коллекциялар тiзiлiмiнiң

нысаны

1. Мемлекеттік тiркеу нөмiрi.

2. Тiркелген күнi.

3. Коллекцияның атауы.

4. Иесi.

5. Иесiнiң мекен-жайы және коллекция орналасқан жердiң мекен-жайы.

6. Меншiк нысаны (мемлекеттік ұйымдар үшін ведомстволық бағыныстылығы).

7. Коллекцияның мақсаты (ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және басқалар).

8. Коллекцияның негiзi қаланған жыл.

9. ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10. ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. Коллекцияның сипаттамасы (тiрi организмдер, тұлыптар, жұмыртқалар, құрғақ және ылғалды препараттар және басқалар).

12. Бiрегей объектiлердiң болуы (Қызыл кiтапқа енгiзiлген типтер, паратиптер, түрлер).

13. Коллекция құрамындағы өзгерістер (айналымы).

14. Коллекцияны сақтау (ұстау) шарттары.

15. ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16. Коллекцияның қайта тiркелгенi туралы белгi.

 

2-қосымша ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

3-қосымша ҚР Үкіметінің 2012.07.12. № 1562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции