Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы (күші жойылды)

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі№ 780 Жарлығымен күші жойылды

 

2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 37-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 974 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., 38, 391-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентінің

2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығымен

бекітілген

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы ереже тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссия қызметінің мақсаты

3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және республикалық бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

3. Комиссияның міндеттері мен функциялары

4. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) мыналар:

алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат;

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерін айқындау;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку