Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақжолқұрылыс» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi Кәсiпорын) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттік автомобиль жолдары торабын және басқа инфрақұрылым объектiлерiн дамыту, атап айтқанда: құрылыс, қайта жаңарту, күрделi және iшiнара жөндеу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары C.M. Мыңбаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |