Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 ж. 12 қарашадағы № 397 қаулысы (2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 ж. 12 қарашадағы № 397 қаулысы

(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 және 20-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции