Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 961 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 961 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң ережесi мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестiң құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 22 қыркүйектегi № 961 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1140 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы

Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестiң құрамы

Абдрахманов                - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек                     министрi, төраға
Мұхашов                    - Қазақстан Республикасының Үкіметі
Аманбек Мұқашұлы             жанындағы Дiни бiрлестiктермен
                             байланыстар жөнiндегі кеңес
                             Хатшылығының меңгерушiсi, төрағаның
                             орынбасары
                          Кеңес мүшелері
Байқадамов                 - Қазақстан Республикасының адам
Болат Кенжекешұлы            құқықтары жөніндегі уәкiлi (келісім
                             бойынша)
Кәлетаев                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы               Әкiмшiлiгі Iшкi саясат бөлiмiнiң
                             меңгерушiсi (келісім бойынша)
Дербiсәлi                  - Бас муфти, Қазақстан мұсылмандар дiни
Әбсаттар Бағысбайұлы         басқармасының төрағасы (келісім
                             бойынша)
Мефодий (Немцов            - Қазақстан Республикасындағы Орыс
Николай Федорович)           православие шiркеуi митрополиттiк
                             округiнiң басшысы, Астана және
                             Алматы митрополитi (келісім бойынша)
Бекбосынов                 - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Сабыржан Мәдиұлы             вице-министрi
Тiлеубердi                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Мұхтар Бескенұлы             вице-министрi
Отто                       - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович                вице-министрi
Шәмшидинова                - Қазақстан Республикасының Білім және
Күләш Ноғатайқызы            ғылым вице-министрi
Жұмақанов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Зейноллаұлы         қауiпсiздiк комитетiнiң департамент
                             бастығы (келісім бойынша)
Терещенко                  - Қазақстан халықтары ассамблеясы
Сергей Александрович         төрағасының орынбасары (келісім
                             бойынша)
Мұхамеджанов               - Астана қаласы әкімінiң орынбасары
Төлеген Мұхамеджанұлы
Иванов                     - Алматы қаласы әкімінiң дiни ұйымдармен
Владимир Александрович       жұмыс мәселелерi жөнiндегі бас
                             инспекторы
Жолдасбеков                - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Мырзатай Жолдасбекұлы        университетiнiң ректоры
Нысанбаев                  - Қазақстан Республикасы Білiм және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы        ғылым министрлігі "Философия және
                             саясаттану институты" республикалық
                             мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының
                             директоры
Бондаренко                 - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
Юрий Яковлевич               мемлекеттік университетiнiң профессоры

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку