Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2003 ж. 25 шілдедегі № 250 қаулысы (ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының ҚБА 12.04.04 ж. № 118 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту
жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының
2003 ж. 25 шілдедегі № 250 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының ҚБА 12.04.04 ж.
№ 118 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 325 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 1-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ-гіне жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г.Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Банк топтарына арналған
пруденциалдық нормативтер
туралы ережені бекіту жөнінде"
2003 жылғы 25 шілдедегі
№ 250 қаулысымен
бекітілген
Банк топтарына арналған
пруденциалдық нормативтер туралы ереже
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және банк топтарының міндетті сақтауына пруденциалдық нормативтерді айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа