Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттігі төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 219 бұйрығы (2008.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі агенттігі төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 219 бұйрығы
(2008.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен 2011 жылы 1 қаңтардан бастап күшін жойды
ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2007.12.07. № 188 Бұйрығымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 363, 376, 378, 379 және 382-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 ж. 23 мамырдағы № 199 Бұйрығымен 1 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Тауарларды және көлік құралдары декларациялау ережесі;
2) ҚР Қаржы министрлігі агенттігі төрағасының 2005.12.08. № 302 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі комитетінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің 2007.12.07. № 188 Бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Б.Т. Әбдішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Документ утратил силу
Демо – версия документа