Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 24 қазандағы № 421 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және
Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 24 қазандағы № 421 қаулысы

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430 қаулысымен күші жойылды

Бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 4) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар осы Қаулының 2-6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес шығаратын Қазақстан депозитарлық қолхаттары туынды бағалы қағаздар деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасының:

1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

2) шығарылған акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының жоғары санатты ресми тізіміне енгізілген;

3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелері бар резиденті-заңды тұлғаның Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығаруға құқылы екендігі белгіленсін.

3. Шетелдік эмитенттің немесе ол шығарған, Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың "В"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch Rating Ltd" халықаралық рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2"-ден ("Moody's Investors Service" халықаралық рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтингтік бағасы болуы тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку