Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 11 тамыздағы № 188 Жарлығы (ҚР Президентінің 20.05.00 ж. № 400; 18.04.01 ж. № 587; 11.07.01 ж. № 654; 21.08.01 ж. № 668; 17.05.02 ж. № 872; 15.08.02 ж. № 924; 29.12.02 ж. № 1009 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін
және құрылымын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 ж. 11 тамыздағы № 188 Жарлығы
(ҚР Президентінің 20.05.00 ж. № 400; 18.04.01 ж. № 587; 11.07.01 ж.
№ 654; 21.08.01 ж. № 668; 17.05.02 ж. № 872; 15.08.02 ж. № 924;
29.12.02 ж. № 1009 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес қаулы етемін:
ҚР Президентінің 20.05.00 ж. № 400 жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Ұсынылып отырған:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже (№ 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы штат саны 4000 адам болатын құрылымы бекітілсін (№ 2 қосымша).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті |
|
|
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 11 тамыздағы № 188 Жарлығына
№ 1 қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады әрi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" заң күшi бар Жарлығында белгіленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi, өз қызметiнде Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келісімдердi), сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алып отырады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа