Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 қарашадағы № 1170 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 қарашадағы № 1170 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп:

1) Кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

6. Осы қаулы 2002 жылғы 2 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов




















 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции