(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 05.11.02 Ж. № 1170 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 қарашадағы № 1170 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қызметтік ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа