Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Айт-Отель» Қазақстан-түрік бірлескен кәсіпорны» ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздардың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы № 927 қаулысы (ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы
тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы № 927 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен мәтіндегі "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Даму Банкiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Эксимбанкi", "Қазақстан Эксимбанкiне" деген сөздермен ауыстырылсын; (бұрынғы ред. қара)

Мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Эксимбанкi " жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Эксимбанкi ) (келісім бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келісім бойынша) бiрлесiп келісімге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:

1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желісі шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;

2) мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртібін, оның iшiнде:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;

мемлекеттік кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;

2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret A.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;

"Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келісімiн ресiмдеудi;

қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстанның Эксимбанкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

И.Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 20 тамыздағы

№ 927 қаулысына

қосымша

Түркия кредит желісі шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген

қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке

төлемдерi

    Қарыз алушы         
       ұйым             
    Төлем    
   валютасы  
  Төлем     
   күні     
      Төлем           
      сомасы          
                            Түркия несие желісі                           
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ   
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
     USD     
 22.12.02   
 22.06.03   
 22.12.03   
 22.06.04   
 22.12.04   
 22.06.05   
 22.12.05   
 22.06.06   
 22.12.06   
 22.06.07   
 22.12.07   
 22.06.08   
 22.12.08   
 22.06.09   
 22.12.09   
 22.06.10   
 22.12.10   
 22.06.11   
 22.12.11   
 22.06.12   
 22.12.12   
   1 500 000, 00      
   1 000 000, 00      
   2 000 000, 00      
   1 000 000, 00      
   2 000 000, 00      
   1 000 000, 00      
   2 000 000, 00      
   1 250 000, 00      
   2 250 000, 00      
   1 250 000, 00      
   2 250 000, 00      
   1 500 000, 00      
   2 500 000, 00      
   1 500 000, 00      
   2 500 000, 00      
   2 000 000, 00      
   2 500 000, 00      
   2 000 000, 00      
   2 500 000, 00      
   2 000 000, 00      
   2 500 000, 00      
        Барлығы         
     USD     
             
  39 000 000, 00      
 
 
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции