Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 15 тамыздағы № 924 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188
Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 ж. 15 тамыздағы № 924 Жарлығы
ҚР Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөніндегі комитетiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн беруге байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы № 188 Жарлығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау;";
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Қазақстан Ұлттық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау органы ретіндегі негiзгi мiндеттерi мыналар:
1) жинақтаушы зейнетақы жүйeci саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларының тұрақты қызметiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерiн қорғау.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыру;";
15-1-тармақтың 8) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа