Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 662 қаулысы (ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314; 29.10.04 ж. № 1132 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу
жөніндегі комитетін тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 17 маусымдағы № 662 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314; 29.10.04 ж. № 1132 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1132 қаулысымен осы қаулының орыс тіліндегі мәтінінің күші жойылды

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы 2002 жылғы 17 мамырдағы № 872 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Комитетті таратуды, оның мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1132 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 471 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 147-құжат) 2-тармақтың басқасы;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов






































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции