Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы № 872 Жарлығы (ҚР Президентінің 31.12.03 ж. № 1271 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік
реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж.
17 мамырдағы № 872 Жарлығы
(ҚР Президентінің 31.12.03 ж. № 1271 Жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мақсатында, онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалау тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін оңтайландыру үшін қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетін таратсын және оның мүлкін бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
Демо – версия документа