Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 596 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 мамырдағы № 596 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Алматы» және «Еңбек-Ерменсай» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оларды қосу арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 2-тармақ өзгерді

2. Құрылатын кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталсын.

ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1439 қаулысымен 3-1 тармақпен толықтырылды

3-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің, мемлекеттік кәсіпорындары қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдары үшін маңызды стратегиялық мәні бар ретінде олар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізуші болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:

1) құрылатын кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;

2) құрылатын кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және қайта аталған кәсіпорындардың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 30 мамырдағы

№ 596 қаулысына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары етіп қайта құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелері «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының

Тізбесі

 

 1. «Еңбек-Ақтөбе» еншілес          
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Ақтөбе» түзеу мекемелерінің    
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 2. «Еңбек-Атырау» еншілес          
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Атырау» түзеу мекемелерінің    
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 3. «Еңбек-Өскемен» еншілес         
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Өскемен» түзеу мекемелерінің   
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 4. «Еңбек-Тараз» еншілес           
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Тараз» түзеу мекемелерінің     
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 5. «Еңбек-Орал» еншілес            
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Орал» түзеу мекемелерінің      
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 6. «Еңбек-Қарағанды» еншілес       
 мемлекеттік кәсіпорны              
 «Еңбек-Қарағанды» түзеу мекемелерінің  
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 7. «Еңбек-Қызылорда» еншілес       
 мемлекеттік кәсіпорны              
 «Еңбек-Қызылорда» түзеу мекемелерінің  
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 8. «Еңбек-Қостанай» еншілес        
 мемлекеттік кәсіпорны              
 «Еңбек-Қостанай» түзеу мекемелерінің   
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 9. «Еңбек-Ақтау» еншілес           
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Ақтау» түзеу мекемелерінің     
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
10. «Еңбек-Павлодар» еншілес        
 мемлекеттік кәсіпорны              
 «Еңбек-Павлодар» түзеу мекемелерінің   
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
11. «Еңбек-Қызылжар» еншілес        
 мемлекеттік кәсіпорны              
 «Еңбек-Қызылжар» түзеу мекемелерінің   
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
12. «Еңбек-Шымкент» еншілес         
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Шымкент» түзеу мекемелерінің   
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
13. «Еңбек-Алмас» еншілес           
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Алмас» түзеу мекемелерінің     
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
14. «Еңбек-Гранит» еншілес          
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Гранит» түзеу мекемелерінің    
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
15. «Еңбек-Семей» еншілес           
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Семей» түзеу мекемелерінің     
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
16. «Еңбек-Тас» еншілес             
 мемлекеттік кәсіпорны              
  «Еңбек-Тас» түзеу мекемелерінің       
  республикалық мемлекеттік кәсіпорны   
 
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции