Білім және ғылым ұйымдарының мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын белгілеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 ж. 21 ақпандағы № 105 бұйрығы (күші жойылды)
Білім және ғылым ұйымдарының мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне
мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2002 ж. 21 ақпандағы № 105 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 Бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Білім және ғылым ұйымдарының мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу Ережесi бекітілсiн.
2. Әкiмшiлiк департаментi (С.З. Қанаев) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртiпте мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Министр
Білім және ғылым министрінің
2002 жылғы 21 ақпандағы № 105
бұйрығымен бекітілген
Білім және ғылым ұйымдарының мемлекеттік
қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс
стажын белгiлеу Ережесi
1. Жалпы ережелер
Осы ереже ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан мемлекеттік қызметшi емес педагогикалық қызметкерлердiң және педагогикалық қызметкерлерге теңестiрiлген білім беру қызметкерлерiнiң, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.
Күнтiзбелiк айдың iшiнде лауазымдық айлығын жоғарылату құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық айлық стажы ескерiле отырып осындай құқық пайда болған күннен бастап есептеледi.
Мамандықтар бойынша жұмыс стажын құрамын тиiстi ұйымның басшысы бекiтетiн еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия белгiлейдi.
Документ утратил силу
Демо – версия документа