Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы № 54 бұйрығына толықтыру енгізу туралы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 ж. 6 наурыздағы № 69 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi
төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы № 54 бұйрығына толықтыру енгізу
туралы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 ж.
6 наурыздағы № 69 бұйрығы

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 290 бұйрығымен күші жойылды

"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына және "Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң төрағасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 қаңтардағы № 133 қаулысының 2-тармағына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы № 54 бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi".

2. Қоса берiлiп отырған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында еркiн кедендiк аймақ режимiнде мәлiмделетiн тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң ережесi бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрі

З. Кәкімжанов


Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кiрiс министрiнің

2002 жылғы 6 наурыздағы

№ 69 бұйрығымен

бекітілген


"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының

аумағында еркiн кедендiк аймақ режимінде мәлiмделетiн

тауарларды кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеудiң

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку