Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 25 маусымдағы № 256 бұйрығы (ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және
мәліметтер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 25 маусымдағы № 256 бұйрығы
(ҚР ҚҚА Басқармасының 2004.25.10. № 304 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.02.№ 41 Қаулысымен күші жойылды

 

Шоғырландырылған банктік қадағалауды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

3. Осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі күшіне енгізілген күннен бастап 30 күн ішінде Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінің талаптары қолданылатын тұлғалар соңғы есепті күнге қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінде көзделген қаржылық есеп пен мәліметтерді беруге міндетті.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

 

 

 

 

Г. Марченко

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку