Кедендік брокерлердің тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі операциялардың есебін жүргізудің және ол бойынша есептіліктің Ережесі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 26.12.02 ж. № 160 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Келісілді | Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
Мемлекеттік кіріс министрі | Кеден комитетінің |
2001 жылғы 15 ақпандағы
2001 жылғы 15 ақпанда | № 51 бұйрығымен |
бекітілді
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Кедендік брокерлердің тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
ресімдеу жөніндегі операциялардың есебін жүргізудің және ол
бойынша есептіліктің
Ережесі
(ҚР Кедендік бақылау агенттігінің
26.12.02 ж. № 160 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 556 қаулысымен бекiтілген Кедендiк брокер туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және кедендiк брокердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөніндегі операцияларының есебiн жүргiзудiң және олар бойынша есептiлiктiң тәртібін айқындайды.
2. Кедендiк брокердiң тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу жөніндегі барлық операциялары (бұдан әрi - операциялар) не оның кеден iсi саласындағы басқа да делдалдық функцияларды орындауы жазбаша және электронды нысандарда мiндеттi түрде есебiн жүргiзуге жатады.
3. Операциялардың есебiн жүргiзудi кедендiк брокер мен (немесе) оның филиалдары жүзеге асырады.
2. Кедендiк брокерлердiң тауарлар мен көлiк құралдарын
кедендiк ресiмдеу жөніндегі операцияларының
есебiн жүргiзудiң тәртібі
4. Есеп жүргiзу жүйесiне:
1) кедендiк бақылауға жататын және кедендiк брокер белгiлеген нысан бойынша ресiмделген тауарлармен және көлiк құралдарымен операциялардың есеп кiтабы (1-қосымша);
2) оны бiлдiретiн тұлғалар белгiленген нысан бойынша жасаған шарттардың тiзiлiм кiтабы (2-қосымша) кiруi тиiс.
5. Операциялардың есебiн жүргiзу кiтабы мен жасалған шарттардың тiзiлiм кiтабы бiр күнтiзбелiк жылға арналып жүргiзiледi. Кiтап алдын ала брошюраланған, тiгiлген және нөмiрленген болуы тиiс.
Документ утратил силу
Демо – версия документа