Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Жүксіз шетелдік автокөлік құралдарын әкелуді куәландыруды ресімдеудің Тәртібі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 15.02.01 ж. № 51 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Келісілді

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігі

Мемлекеттік кіріс министрі

Кеден комитетінің

2001 жылғы 15 ақпандағы

2001 жылғы 15 ақпанда

№ 51 бұйрығымен

бекітілді

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Жүксіз шетелдік автокөлік құралдарын
әкелуді куәландыруды ресімдеудің
Тәртібі

1. Тасымалдық шетел автокөлiк құралдарын әкелу Куәлiгiн ресiмдеудiң осы Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кiрген кезде тасымалдық шетел автокөлiк құралдарын әкелу куәлiгiн ресiмдеудiң тәртібін анықтайды.

2. Қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы әкелiм куәлiгi Қазақстан Республикасындағы әкелiм орындарынан тиеу орындарына баратын шетелдiк иегерлердiң атына тiркелген тасымалдық автокөлiк құралдарына (бұдан әрi көлiк құралдары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасайтын көлiк құралдарына ресiмделедi.

3. Көлiк құралын Қазақстан Республикасына әкелу орнында орналасқан Қазақстан Республикасының кедендiк органы әкелiм куәлiгiн екi данада ресiмдейдi (бiрiншiсi көлiк құралының иегерiне немесе оның өкiлiне берiледi, екiншiсi - кедендiк органда қалады) және кедендiк органның елтаңба мөрiмен, сондай-ақ осы кедендiк органның лауазымды адамының қолымен және жеке нөмiрлi мөрiмен расталады.

4. Қазақстан Республикасының Кедендiк органы көлiк құралының мүмкiншiлiгiн, ең жоғарғы мерзiмдiк мөлшерi бiр айға шаққанда екi мың шақырым есебiнен жасалатын белгiленген жол бағытын ескере отырып, көлiк құралының Қазақстан Республикасының аумағында болуының мерзiмiн белгiлейдi.

5. Тасымалдық шетел автокөлiк құралын әкелу куәлiктерiн тiркеу көлiк құралын тiркеу кiтабында "Тауардың атауы" графасында жүргiзiледi.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку