Тауарларды алдын ала мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі ереже (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн қолдану жөніндегі осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарларды алдын ала мәлiмдеудiң тәртібін анықтайды.
2. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу декларанттың Қазақстан Республикасының кедендiк органына тауарлардың жеткiзiлетiн орынға келуiне дейiн отыз күн қалған мерзiмнiң iшiнде мәлiмдеу жасағанда қолданылады.
3. Тауарларды алдын ала мәлiмдеу рәсiмiн пайдалану үшiн декларант тауарларға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кедендiк органына (бұдан әрi - ресiмдеушi кедендiк орган) тауарларды көрсетпестен бұрын 9-тармақта көрсетiлген ерекшелiктер ескерiле отырып, белгiленген тәртiпте толтырылған, әкелiнетiн тауарларға арналған кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - КЖМ) тапсырады.
КЖМ кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi әрi жеткiлiктi Кеден iсi туралы Заңның 198-бабында көзделген құжаттармен бiрге берiледi. Бұл орайда кедендiк ресiмдеуге көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың көшiрмелерi алынуы мүмкiн. Көлiктiк және тауармен бiрге алып жүретiн құжаттардың түпнұсқалары ресiмдеушi кедендiк органға тауарларды көрсету кезiнде берiледi (егер, соңғыларды КЖМ тапсыру кезiнде көрсетуге мүмкiндiк болмағанда).
4. Тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға берiлуi тиiс мерзiм КЖМ-дi кедендiк органда тiркеу күнiнен есептеледi. Егер осы мерзiмде тауарлар ресiмдеушi кедендiк органға көрсетiлмесе, КЖМ-нiң күшi жойылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа