Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі ереже (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

Келісілді

Бекітілді

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрі

Мемлекеттік кіріс министрлігі

2001 жылғы 15 ақпан

Кеден комитетінің 2001 жылғы 15

ақпандағы № 54 бұйрығымен

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі осы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабына сәйкес және тауарларды арагiдiк мәлімдеудiң тәртібін анықтайды.

2. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тауарларды бірыңғай тұлға тұрақты түрде тасымалдаған кезде кедендік органның рұқсатымен тауарларды еркін айналысқа және экспортқа шығарудың кедендік режимдеріне сәйкес қолданылады. Арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану жөніндегі рұқсат осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысанда беріледі.

3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы экономикалық іс-әрекетінің Тауарлық тізбесі бойынша 9 белгінің деңгейінде жіктеу коды бірыңғай болған жағдайда тауарлар бірыңғай болып есептеледі (бұдан әрі - ТМД СЭІӘ ТТ).

4. Егер, бірыңғай тұлға бірыңғай тауарды күнтізбелік бір айдың ішінде екі немесе одан да көп рет жеткізген жағдайда, тауар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бірыңғай тұлғамен тұрақты түрде тасымалданатын болып қаралады.

5. Жекелеген жеткізілімдердің немесе тасымалдау құралдарының санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты бойынша, күнтізбелік бір айдың ішінде тасымалданатын бірыңғай тауарлар кедендік мақсаттар үшін бірыңғай тұтастық болып қаралады.

6. Тауарларды арагідік мәлімдеу рәсімін қолдану кезінде тауарларды кедендiк ресiмдеуге қатысты Қазақстан Республикасы Кеден органы арагiдiк кедендiк жүк мәлiмдемесiн (бұдан әрi - АКЖМ) қабылдау күнi күшiнде болатын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi қолданылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку