Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кедендік жүк декларациясын тапсыру мерзімін ұзарту ережесі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

Келісілді

Бекітілді

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кіріс министрі

Мемлекеттік кіріс министрлігі

2001 жылғы 15 ақпан

Кеден комитетінің 2001 жылғы 15

ақпандағы № 54 бұйрығымен


ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды

Кедендiк жүк декларациясын тапсыру
мерзiмiн ұзарту ережесi

1. Осы Кедендiк жүк декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы"

(бұдан әрi - Кеден iсi туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 195-бабына сәйкес әзiрлендi және кедендiк жүк декларациясын (бұдан әрi КЖД) тапсыру мерзiмiн ұзартудың тәртібін анықтайды.

2. Осы Ереже Тауарларды құбыр көлiгiмен, электр желiсi арқылы жылжытқан кезде уақытша КЖД пайдалануды, арагiдiк мәлiмдеудi, алдын ала мәлiмдеудi, сондай-ақ жедел жеткiзiлiм кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеуден өткiзудi қоспағанда, КЖД қолданылуымен тауарларды және осындай тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын мәлiмдеудiң барлық жағдайларына қолданылады.

3. КЖД тапсыру мерзiмiн ұзарту мынадай тауарларға қатысты қолданылады:

кедендiк баждар және салықтар салынбайтындар;

КЖД тапсыру мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш келiп түскен күнi кедендiк баждар мен салықтар төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда, кедендiк баждар және салықтар салынатындар;

Кеден iсi туралы Заңның 195-бабында белгiленген мерзiмде КЖД тапсыру күнi оларға қатысты кедендiк баждар мен салықтардың ставкалары көтерiлетiн болса, немесе тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын болса.

4. КЖД тапсырудың мерзiмiн ұзартуды тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi жүргiзiлетiн Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.

5. Ұзарту мерзiмi ескерiле отырып, КЖД тапсырудың нақты мерзiмi тауарларды және осындай тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын көрсету күнiнен бастап екi айдан аспауы тиiс.

6. КЖД тапсырудың мерзiмiн ұзарту осы Ережелердiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда құрастырылған нысанда толтырылған мәлiмдеушiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi және де ол үшiн тауарларды алушы (жiберушi) тұлғаның кедендiк баждар мен салықтардан қарызы болмауы шарт.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку