Кеден құжаттарының электрондық көшірмелерін қалыптастыруға арналған растауларды берудің ережесі (ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2001 ж. 15 ақпандағы № 54 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)
Келісілді | Бекітілді |
Қазақстан Республикасының | Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кіріс министрі | Мемлекеттік кіріс министрлігі |
2001 жылғы 15 ақпан | Кеден комитетінің 2001 жылғы 15 |
ақпандағы № 54 бұйрығымен
ҚР Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 288 бұйрығымен күші жойылды
Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға
арналған растауларды берудiң ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 193-бабына сәйкес әзiрлендi және кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауларды берудiң тәртібін белгiлейдi.
2. Кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыруға арналған растауды (бұдан әрi - растау) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Кеден комитетi) бередi.
2. Растауларды берудiң, тоқтатудың және керi қайтарып алудың тәртібі
3. Растау мүдделi адамның осы Ереженiң бiрiншi қосымшасына сәйкес ресiмделген өтiнiшiнiң негiзiнде берiледi. Өтiнiштi алған кезде Кеден комитетi осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiштер мен растауларды тiркеу журналында оларды есепке алуды жүргiзедi.
4. Растау кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн тiкелей жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметке қатынасушы не ұсыным бойынша кеден брокерiне ұсынылуы мүмкін:
1) электрондық тасығыштардағы кеден құжаттарының электрондық көшiрмелерiн қалыптастыру жөніндегі бағдарлама. Бағдарлама Кеден комитетiнiң форматтарына (бұдан әрi - формат) сәйкес келуi тиiс;
2) егер өтiнiш берушi кедендiк брокер болып табылса, кедендiк брокер ретiнде қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның көшiрмесi.
5. Растау осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада ресiмделедi, оның бiреуi өтушi берушiге берiледi, екiншiсi Кеден комитетiнде қалады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа