«Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 ж. 25 қарашадағы № 428 Қаулысы (2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасы 2000 ж. 25 қарашадағы № 428 Қаулысы
(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 32 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 32 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Банктер, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесі бекітілсін.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесін (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Документ утратил силу
Демо – версия документа